Альварестің бапкері: «Головкинмен тек 155 фунтта жұдырықтасамыз»

Орта салмақ дәрежесінде WBC чемпионы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейнозо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек тек 155 (70 келі) фунтта ғана өтетінін айтты, деп хабарлайды championat.com.

«Біз үнемі үздік боксшылармен кездесеміз: Мэйвезер, Котто - екеуіде Головкиннен мықты. Траут, Лара, Ангуломен жұдырықтасқан кезде де салмаққа қатысты еш әңгіме болған жоқ. Альварес тек 155 фунтта жұдырықтасқысы келеді. Қазіргі таңда, біз 160 фунтқа көтерілуге дайын емеспіз.

Оскар де ла Хойяның Golden Boy Promotions компаниясы бұл мәселені шешуі қажет. Біз 154 фунтта жұдырықтаса аламыз, Коттоның ұсынысы бойынша 155 фунтқа көтерілдік», — деді Рейнозо BoxingScene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин кәсіпқой мансабындағы барлық кездесулерін 160 фунтта (72 келі) өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или