Кристина Шумекова Әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Кристина Шумекова Әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Кристина Шумекова Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 15,64 секундта бағындырып, екінші орын алды.

Алтын медальді Нидерланд өкілі Ангел Далеман жеңіп алды. Ол мәреге 1 минут 14,07 секундта жетті. Үздік үштікті 1 минут 15,85 секунд нәтиже көрсеткен польшалық Виктория Домбровская түйіндеді.

Осы қашықтықта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Кристина Силаева 1 минут 20,44 секунд нәтижемен 20-орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама