1XBET - ставки на спорт

Қазақстандықтар FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан өкілдері Чехияда өткен трамплиннен шаңғымен секіруден FIS кубогының кезеңінде үздіктер қатарынан көрінді. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандастарымыз үш медальдің толық жиынтығын иеленді. Оның екеуі алтын жүлде болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанға алғашқы жеңісті Данил Васильев сыйлады. Ол өз жарысында екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшыдан кейін австриялық Якоб Штайнбергер 236,6 ұпаймен екінші орын алса, поляк Ян Галица 236,3 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Келесі күні де жеңіс тұғырына қазақстандық спортшы көтерілді. Бұл жолы бірінші орынды Илья Мизерных иеленіп, жеңіске жету үшін 267,4 ұпай жинады.

Васильев те сәтті өнер көрсетіп, жарысты екінші орында аяқтады. Оның қорытынды көрсеткіші 259,8 ұпай болды. Ал 244,5 ұпай жинаған Штайнбергер үшінші орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или