Аргентина кезекті үш ұпайын қоржынға салды

Аргентина кезекті үш ұпайын қоржынға салды

Футболдан әлем чемпионатында топтық кезең матчтары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

J тобындағы ойында Аргентина құрамасы Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Лионель Месси екінші таймда алаңға шығып, командасының үшінші добын соқты. Атақты футболшы турнирде алтыншы рет гол соғып, сұрмергендер тізімінде сенімді көш бастап тұр. 

Тоғыз ұпай еншілеген әлем чемпиондары топта бірінші орын алды. 1/16 финалда Аргентина турнир сенсациясы Кабо-Вердемен кездеседі. Соңғы орында ұпайсыз қалған Иордания үйлеріне қайтады. 


ӘЧ: Португалия плей-оффта топ-құрамамен кездеседі

Хорватия камбэк жасап, плей-оффқа тікелей жолдама алды

ӘЧ: Англия қарсылас қақпасына жауапсыз екі доп соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или