Өзбекстан әлем чемпионатын ұпайсыз аяқтады
Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің үшінші ойынында Конго Демократиялық Республикасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
K тобындағы матч 3-1 есебімен африкалық құраманың пайдасына аяқталды.
Азиялық ұжым Элдор Шомуродов соққан голдың арқасында бірінші таймнан кейін 1:0 есебімен ұтып жатқан еді.
Өзбекстан өзінің алғашқы әлем чемпионатын K тобындағы төртінші орында ұпайсыз аяқтады. Конго Демократиялық Республикасы төрт ұпай жинап, үшінші орын алды. Енді команда қалған топтардың нәтижелерін күтіп, бұл үшінші орын алған үздік командалар арасында плей-оффқа өту үшін жеткілікті ме, жоқ па, соны анықтайды.
ӘЧ: Португалия плей-оффта топ-құрамамен кездеседі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или