ӘЧ-2026: Испанияның екі ойыншысы қатардан шықты

ӘЧ-2026: Испанияның екі ойыншысы қатардан шықты

Испания ұлттық құрамасының ойыншылары Йереми Пино мен Нико Уильямс жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос ойыншы топтық кезеңдегі Уругвайға (0-1) қарсы матчта жарақат алып, алаңдағы орындарын ерте босатқан еді.

Алдын ала болжам бойынша, Пиноның жарақаты ауыр деп бағалануда. 23 жастағы шабуылшы үшін Әлем чемпионаты ерте аяқталған болуы мүмкін. Ал Никоның жағдайы белгісіз, бірақ келесі матчқа қатыспайды деп күтілуде.

Айта кетейік, H тобындағы үш турдан кейін жеті ұпаймен Испания бірінші орынмен топтан шықты. Ал Уругвай үш турда екі ғана ұпай еншілеп, топтан шыға алмай қалды.

Уругвай Испаниядан жеңіліп, әлем чемпионатынан шығып қалды

Аргентинаның плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

Бельгия Жаңа Зеландияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или