Португалиялық агент Өзбекстан құрамасының жеңілісіне пікір білдірді

Португалиялық агент Өзбекстан құрамасының жеңілісіне пікір білдірді

Португалиялық футбол агенті Паулу Барбоза 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалиядан 0:5 есебімен жеңілген Өзбекстан құрамасының ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барбозаның айтуынша, өзбек футболшылары Колумбияға қарсы матчпен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз өнер көрсеткен.

«Өзбекстанның жақсы командасы бар. Бірақ бұл жолы алғашқы 20 минутта шабуылға да шыға алмады. Кейін ойындары сәл түзелгенімен, осы әлем чемпионатында көрсеткен деңгейіне жете алмады. Сондықтан 0:5 есебімен жеңілді» деді Паулу Барбоза.

Айта кетелік, ол сондай-ақ Португалия құрамасының бұл кездесуде жақсы ойнағанын, бірақ келесі қарсыласы Колумбияға қарсы бұдан да жоғары деңгей көрсетуі керектігін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или