Моралес Гарридің ұсынысына дөрекі жауап берді
UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған эквадорлық Майкл Моралес ирландиялық Иэн Гарридің салмақ дәрежесін ауыстыру туралы ұсынысына қатаң жауап қайтарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иэн Гарриге бір нәрсе айтқым келеді: “Жоғал!”» деді Моралес MMAJunkie басылымына берген пікірінде.
26 жастағы файтер 2022 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Айта кетелік, Майкл Моралес соңғы кездесуін 2025 жылдың қараша айында өткізіп, америкалық Шон Брэдиді техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или