Иранға жасалған жеңілдік футбол әлемін таңғалдырды

Иранға жасалған жеңілдік футбол әлемін таңғалдырды

2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде АҚШ билігі Иран құрамасына елге матчтан екі күн бұрын кіруге рұқсат беріп, бұрынғы шектеулердің бір бөлігін жеңілдетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирандық футболшылар топтық кезеңнің үшінші турында Мысыр құрамасына қарсы ойнайды. Кездесу 27 маусым күні Сиэтлдегі «Люмен Филд» стадионында өтеді.

Дегенмен команда матч аяқталған күні АҚШ аумағынан кетуі тиіс деген талап өзгеріссіз қалды.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі қауіпсіздік шаралары мен турнир хаттамалары бұрынғыдай сақталатынын мәлімдеді. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Айта кетелік, бұл шешім Иран құрамасының маңызды ойынға сапалы дайындалуына мүмкіндік береді. Мысырға қарсы кездесу команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.

Беллингем Англия құрамасы үшін таңғажайып рекорд орнатты





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или