Месси мансабын аяқтауға әлі дайын емес
Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси футболдағы болашағына қатысты ойын айтып, әзірге мансабын жалғастыра беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
39 жасқа толған шабуылшы өзінің физикалық дайындығы жоғары болып, командасына пайдасын тигізе алатын жағдайда футбол ойнауды тоқтатпайтынын жеткізді.
«Командаға көмектесе алсам және өзімді жақсы сезінсем, ойнай беремін» деді Месси.
Айта кетелік, Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир атанып отыр. Аргентина жұлдызының еншісінде 18 гол бар, бұл көрсеткіш бойынша ол Мирослав Клозе мен Килиан Мбаппеден озық тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или