ӘЧ: Жапония екінші тур матчында жеңіске жетті

ӘЧ: Жапония екінші тур матчында жеңіске жетті

Тунис пен Жапония құрамалары 2026 жылғы ФИФА әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Мексиканың Монтеррей қаласындағы Estadio BBVA стадионында өтті. Ойынға румыниялық төреші Иштван Ковач төрелік етті.

Жапон командасы 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Дайчи Камада (4-минут), Аясе Уэда (31-ші, 84-ші) және Ито Джунья (69-шы) гол соқты. Хаджиме Мориясудың командасы екі ойыннан кейін төрт ұпай жинады, ал Тунис әлі ұпайсыз.

F тобының соңғы турында Жапония Швециямен, ал Тунис Нидерландымен кездеседі. Ойындар 26 маусымда өтеді.


Видео. Германия — Кот-д’Ивуар матчының үздік сәттері


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или