Аргентина әлем чемпионы атағын қорғауға кірісті

Аргентина әлем чемпионы атағын қорғауға кірісті

Бүгін таңертең Аргентина мен Алжир 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласындағы Эрроухед стадионында өтті, ойынға поляк Шимон Марчиньяк төрелік етті.

Лионель Скалонидің командасы 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Лионель Месси 17, 60 және 76 минуттарда гол соғып, хет-трик жасады. Осылайша, әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша көш басына шығып, неміс Мирослав Клоземен теңесті. 

J тобындағы келесі матчта Аргентина 22 маусымда Австриямен, ал Алжир 23 маусымда Иорданиямен кездеседі.



ӘЧ: Норвегия қарсыласын тас-талқан етті

ӘЧ: Мбаппе Франция құрамасына жеңіс сыйлады

Әлемдегі ең үлкен стадион қай елде салынады?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или