Англия жолдастық матчта Коста-Риканы сенімді жеңді

Англия жолдастық матчта Коста-Риканы сенімді жеңді

Англия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында Коста-Рикамен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласындағы Inter&Co стадионында өтті, Кездесу де 3:0 есебімен Англия сенімді жеңіске жетті. 

Гол соққандар: Деклан Райс 9, Энтони Гордон 68 (пенальти), және Олли Уоткинс 87.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Англия L тобында, оның қарсыластары Хорватия, Гана және Панама болады. Томас Тухельдің командасы турнирді 18 маусым күні түнде Қазақстан уақыты бойынша Хорватияға қарсы бастайды.

Әлем чемпионаты-2026 финалдық билеттерінің бағасы қанша?

Видео. Алаңға оралған Месси Аргентинаның жеңісіне үлес қосты

Қырғызстан құрамасы жолдастық матчта ұпай бөлісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или