«Алтын допқа» басты үміткерлер анықталды
Goal.com сайты «ПСЖ» Чемпиондар лигасының финалында «Арсеналды» жеңгенінен кейін 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткерлердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде жеңіске жеткеніне қарамастан, «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле фавориттер тізімінде бірінші орынға көтеріле алмады, екінші орында қалды. «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн көшбасшы болып қала береді. «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс алты орынға төмендеп, үшінші орыннан тоғызыншы орынға түсті. Ал «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямал үздік үштікке енді.
Айта кетейік, Усман Дембеле өткен жылы «Алтын допты» жеңіп алды, ал «ПСЖ» Чемпиондар Лигасын да жеңіске жеткен болатын.
Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені анықталды
Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр
Аргентина құрамасы әлем чемпионатына қатысатын тізімді шығарды