Рафаэль Леао «Миланнан» кететінін мәлімдеді
Португалия құрамасының шабуылшысы Рафаэль Леау осы жазда «Миланнан» кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Миланмен тарих жасағаныма мақтанамын, бірақ жаңа тарау бастағым келеді. Мен басқа лигада ойнауға дайынмын. «Милан» үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ жаңа сынаққа уақыт келді», - деп келтіреді Sport TV Леаудың сөзін.
Айта кету керек, өткен маусымда Рафаэль Леау «Милан» жейдесінде барлық жарыстарда 31 матч өткізіп, он гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Массимилиано Аллегри жаттықтыратын команда А сериясының турнир кестесінде бесінші орын алып, Чемпиондар лигасына жолдама ала алмады.
Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені анықталды
Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр
Аргентина құрамасы әлем чемпионатына қатысатын тізімді шығарды