«Барселона» бірден үш топ трансфер жасамақ

«Барселона» бірден үш топ трансфер жасамақ

«Барселона» аргентиналық шабуылшы Хулиан Альварес үшін «Атлетикоға» ресми түрде 100 млн еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

100 млн – бонуссыз таза сома. Сондай-ақ трансферге бірде-бір ойыншы қосылмады. Атлетико» қазіргі жағдайға риза емес, бірақ Хулиан клубтан кеткісі келетінін хабарлады.

«Барселона» Хулиан Альварестің агенттерімен өткен кездесуден кейін ойыншының қалауына көз жеткізді. Оның қалауы – «Барселонаға» ауысу.

«Блауграна» бұған дейін «Ньюкаслмен» Энтони Гордонның трансфері бойынша тиісті құжаттардың барлығына қол қойған еді. Клубтар арасындағы мәселе толық шешілді. Ағылшындық шабуылшы бүгін «Барселонамен» келісімшартқа қол қояды.

Сонымен қатар, катлониялықтар Бернарду Силваны еркін агент ретінде қатарына қосуға жақын. Клуб португалиялық жұлдызға 2028 жылға дейін жарамды келісімшарт ұсыныпты. Оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де бар. Ханси Флик трансферді мақұлдаған және Бернарду да ауысуға дайын.

Айта кетейік, аталған үш ойыншы да өз құрамаларымен бірге жазда өтетін әлемдік додаға қатысады.

Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр

Аргентина құрамасы әлем чемпионатына қатысатын тізімді шығарды

«Лестердің» жас вингері үшін күрес күшейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или