Модрич әлем чемпионатынан кейін кәсіби футболдан кететінін жариялауы мүмкін
«Милан» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін кәсіби футболдан кететінін жариялауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sportbox.ru-ға сілтеме жасап.
Tuttosport бұған дейін 40 жастағы футболшының маусым айының соңына дейін «Миланмен» келісімшартын жаңартуды жоспарламағанын хабарлаған болатын.
Хорватия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында L тобында Англия, Гана және Панама командаларымен ойнайды.
2018 жылы Модрич «Алтын допты» және әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. «Реал» сапында ол алты рет Чемпиондар Лигасын, төрт рет Испания чемпионатын, екі рет Испания Кубогын, Испания Суперкубогын, УЕФА Суперкубогын және ФИФА клубтық әлем чемпионатын бес рет жеңіп алды.
«Лестердің» жас вингері үшін күрес күшейді
«Манчестер Сити» Пеп Гвардиолаға құрмет көрсетеді
«Ливерпуль» қақпашысы италиялық клубқа ауысуы мүмкін