«Реал» Вальверде жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

«Реал» Вальверде жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушы Федерико Вальверденің денсаулығына қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«Патшалық клуб» бұған дейін таратқан ақпаратты растады: уругвайлық ойыншы Чуаменимен болған қақтығыстан кейін бас-ми жарақатын алған. Осыған байланысты арнайы хаттама іске қосылып, Вальверде 10-14 күнге алаңнан тыс қалады. Яғни, ол Эль-Класикода алаңға шықпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Чуамени Вальвердені ұрып, уругвайлық ойыншы құлап, бетон еденге басын қатты соққан. Соның салдарынан ол киім ауыстыратын бөлмеден мүгедектер арбасымен шығарылған.


Еуропа лигасының финалына шыққан клубтар анықталды

Конференция лигасының финалистері анықталды

«Әл-Наср» чемпиондыққа жақындай түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или