Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 340-орында) Мексиканың Мехико қаласында өтіп жатқан «челленджер» турнирінің екінші айналымында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұқаевтың франциялық теннисші Корентен Деноллимен (496-орында) кездесіп, оны 7:5, 7:6 (7:5) есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық турнирдің ширек финалына шықты, онда ол австралиялық Джеймс Дакворт (86-орында) пен америкалық Стефан Козлов (265-орында) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Мехикодағы турнирдің жүлде қоры 225 000 АҚШ доллар. Жеңімпаз 125 ATP рейтингтік ұпай алады.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады

Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или