«Шахтер» клубына испаниялық маман келді

«Шахтер» клубына испаниялық маман келді

Испаниялық маманы Авраам Кампомар «Шахтер» клубының спорт бөліміне кеңесші қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі қарағандылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Авраам Кампомар — «Шахтер» футбол клубының спорт бөлімі кеңесшісі.

Испаниялық маман Украинада Донецкінің «Шахтер» академиясы директорының көмекшісі болып жұмыс істеген, кейін Украина ұлттық құрамасында және Луганскінің «Заря» клубында жаттықтырушы-талдаушы қызметін атқарған.

2024 жылы «Ақтөбе» командасында бас жаттықтырушының ассистенті ретінде «қызыл-ақтарға» Қазақстан Кубогын жеңіп алуға көмектесті.

Авраам PASS платформасының түлегі. «Хоффенхайм» және «Бенфика» клубтарында тағылымдамадан өткен», — деп Қарағанды клубының Instagram парақшасында хабарланды.

Өткен маусым қорытындысы бойынша, Бірінші лигада «Шахтер» төртінші орын алып, Қазақстан Премьер-лигасына (ҚПЛ) жолдама алу мүмкіндігін жіберіп алды.

Қазақстан кубогы матчтарының төрешілері белгілі болды

ҚФФ даулы матчтың төрешілеріне қатысты шешім шығарды

ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или