Тарихта бірінші рет: Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатына шықты

Тарихта бірінші рет: Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатына шықты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2027 жылы Германияның Вайсенхаус қаласында өтетін FIDE Freestyle Chess World Championship әйелдер чемпионатының алғашқы қатысушысы атанды, деп һабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы чемпионат 5–7 ақпан аралығында ұйымдастырылып, ерлер чемпионаты кейінгі демалыс күндері өтеді.

Фристайл-шахматтың дәстүрлі ойыннан айырмашылығы, фигуралардың бастапқы орналасуы әр партияда кездейсоқ таңдалады. Бұл ойыншыларға дайын стратегия немесе компьютерлік талдау қолдануға мүмкіндік бермей, әр қозғалысты өздігінен ойлап шығаруды талап етеді.

Айта кетелік, 2027 жылы алғаш рет әйелдер ойынына Әлем чемпионаты мәртебесі беріледі. Оған Бибісара Асаубаеваның қатысуы Қазақстан үшін тарихи оқиға. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или