Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 15 медаль еншіледі
2-7 сәуір аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы 15 медаль еншіледі:
Әйелдер:
- Алтын медаль, 48 келі — Анель Құдайберген
- Алтын медаль, 54 келі — Анель Сақыш
- Күміс медаль, 48 келі — Ақбота Болат
- Күміс медаль, 51 келі — Жансая Рахымберді
- Күміс медаль, 54 келі — Анжа Садвакасова
- Қола медаль, 54 келі — Гаухар Зарден
- Қола медаль, 65 келі — Ақнар Ищанова
Ерлер
- Алтын медаль, 80 келі — Бақберген Әлиасқаров
- Күміс медаль, 70 келі — Дархан Дүйсебай
- Күміс медаль, 85 келі — Бекнұр Батырбек
- Қола медаль, 55 келі — Тимур Қабдешов
- Қола медаль, 60 келі — Нұрсұлтан Алтынбек
- Қола медаль, 80 келі — Азамат Бектас
- Қола медаль, 85 келі — Дәурен Мамыр
- Қола медаль, 90 келі — Оңталап Рахманов
Дәстүрлі жарыста әлемнің 10 елінен 130-ға жуық боксшы жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или