Әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында 9 медаль еншіледі
Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарысқа 16 облыстың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты.
Жарысқа шамамен 300 спортшы қатысты. Ерлер арасында төрешілік 8 салмақ дәрежесінде, әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды.
Турнир қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері үш алтын, бір күміс және бес қола жүлде иеленді.
Әйелдер арасында 53 келі салмақта Аян Тұрсын бірінші орынға шықты, ал 58 келі салмақтағы Жұлдызай Ыбыраева қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасында 57 келі салмақта Жандос Мәдехиянов, 62 келі салмақта Арнат Нәметов чемпион атанды. 97 келіден жоғары салмақтағы Ағалы Хасанов екінші орын алды. Сонымен қатар, 62 келі салмақта Аман Шәкіртов, 73 келіде Олжас Ержан, 97 келіде Азамат Асылбекұлы және Еламан Қуатов қола жүлде алды.
Республикалық біріншіліктің нәтижелері бойынша Азия чемпионаты мен әлем кубогына қатысатын спортшылар іріктеледі. Бұл жарыстарға іріктеу осы чемпионаттың нәтижелері негізінде жүзеге асады.
Қазақстандық классиктер Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі
Қазақстандық балуан Азия чемпионатында алғашқы алтынды жеңіп алды