Азия чемпионаты: Қазақстандық классиктер төрт медаль еншіледі
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресі бойынша белдесулер аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Қазақстан балуандары аталған күрес түрінен төрт медаль еншіледі:
- Алтын - Алматбек Аманбек (72 келі)
- Қола - Нұрсұлтан Тұрсынов (77 келі)
- Қола - Ибрагим Магомадов (82 келі)
- Қола - Ислам Евлоев (97 келі).
72 келіге дейінгі салмақтағы ұлттық құрама спортшысы Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаиды мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салып берді.
Ал қола медаль үшін өткен белдесулерде Нұрсұлтан Тұрсынов (77 келі) түркіменстандық спортшыны, Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) кореялық спортшыны және Ислам Евлоев (97 келі) қытайлық спортшыны қапы қалдырды.
Енді Бішкек төрінде әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынуда. Бүгін боз кілемге шыққан бес бұрымды балуанымыздың екеуі қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Қазақстандық балуан Азия чемпионатында алғашқы алтынды жеңіп алды
Қос қазақстандық әйел Азия чемпионатында қола үшін күреседі
Азия чемпионаты: Үш қазақстандық балуан қола медаль үшін белдеседі