«Тобыл» Қазақстан кубогінің 1/8 финалына сенімді түрде өтті
Қазақстан кубогінің 1/16 финалында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда «Аңсатты» еш мүмкіндік қалдырмай, 8:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу тағдыры алғашқы минуттарда-ақ шешілді. Александр Зуев есеп ашса, Рубин Хебай дубль жасап, Жасұлан Жұмашев мергендігімен көзге түсті. Бірінші тайм 5:0 есебімен аяқталды.
Үзілістен кейін де «Тобыл» қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Луис Герра екі гол соғып, дубль авторы атанды, ал Урош Милованович бір мәрте дәл соққы жасады. Қонақтар толық үстемдік көрсетіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
Айта кетелік, «Тобыл» Қазақстан Кубогының 1/8 финалына сенімді түрде өтті. Келесі кезеңде қостанайлық клуб «Астанамен» кездеседі.
Қазақстан кубогы матчтарының төрешілері белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или