«Астана» соңғы минуттарда жеңіс тізгінін ұстады
Қазақстан кубогінің 1/16 финалында «Астананың» әуесқой «BKS» клубына қарсы ойындағы жеңісі ауыр жолмен келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің 30-минутында Диас Пархатжан есеп ашқанымен, араға төрт минут салып Батыржан Мустафин таразы басын теңестірді.
Бірінші таймның соңына қарай елордалық команда қиын жағдайға тап болды. Муса Таушев алаңнан қуылып, «Астана» матчтың қалған бөлігін толық емес құрамда өткізді. Соған қарамастан, команда мінез танытып, күресті жалғастырас түсті.
Кездесудің тағдыры қосымша минуттарда шешілді. 92-минутта Арсен Ахметов жеңіс голын соғып, «Астанаға» 2:1 есебімен жеңіс сыйлады. Осылайша, елордалық клуб Қазақстан кубогінің 1/8 финалына шықты.
Айта кетелік, «Астана» келесі кезеңде «Тобылмен» кездесетін болды.
Қазақстан кубогы матчтарының төрешілері белгілі болды