Англия қосымша орынға ие болды

Англия қосымша орынға ие болды

Англия Премьер-лигасының қорытындысы бойынша бес клуб 2026/2027 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл мүмкіндік «Арсеналдың» «Спортингті» 1:0 есебімен жеңгенінен кейін пайда болды. Осы нәтиже арқылы ағылшын клубтары УЕФА коэффициенттер кестесінде қосымша ұпай жинап, қосымша жолдамаға қол жеткізді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының қатысушылары 36 командаға дейін көбейгеннен кейін екі қосымша орын ең көп ұпай жинаған елдерге беріледі. Қазір ағылшын клубтарының 2025/2026 маусымындағы көрсеткіші 25,013 ұпайға жетті. Екінші жолдама Германия мен Испания арасында бөлінеді.

Қазіргі таңда АПЛ турнир кестесінде бесінші орында «Ливерпуль» 49 ұпаймен тұр. Одан кейін «Челси» (48 ұпай), «Брентфорд» пен «Эвертон» (46 ұпайдан) орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или