Әйелдер құрамасы әлем кубогына дайындалып жатыр
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ортақ дайындыққа Қазақстан, АҚШ, Бразилия, Англия, Ирландия, Түркия және Венесуэла құрамалары қатысып жатыр. Бұл жиын екі аптаға созылады және алдағы маңызды жарыс алдындағы негізгі кезең саналады.
Жиын аяқталған соң, 20–26 сәуір аралығында осы қалада World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді. Қазақстандық боксшы қыздар да осы жарыста бақ сынайды.
Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі: Алуа Балкибекова, Назым Кызайбай, Виктория Графеева, Аида Абикеева, Наталья Богданова, Жібек Жарасқызы, Валерия Аксенова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или