Нойер керемет ойын көрсетті
«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реалға» қарсы ойында тоғыз сейв жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 жастағы қақпашы үшін бұл – 2020 жылдың қарашасынан бергі бір матчтағы ең жоғары көрсеткіш. Нойер осы ойында бірнеше қауіпті сәттің бетін қайтарып, командасын құтқарып қалды.
Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ол соңғы рет мұнша көп сейвті 2017 жылдың сәуірінде жасаған. Ол кезде де қарсылас «Реал» болып, неміс қақпашысы 10 сейв тіркеген еді.
Ойын қорытындысы бойынша Мануэль Нойер матчтың үздік ойыншысы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или