Мбаппе Чемпиондар лигасында үздіктер қатарына қосылды

Мбаппе Чемпиондар лигасында үздіктер қатарына қосылды

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының ширек финалында гол соғып, маңызды көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша француз форвардының осы маусымдағы турнирдегі гол саны 14-ке жетті. Бұған дейін мұндай нәтижені тек алты ойыншы тіркеген: Жозе Алтафини, Руд ван Нистелрой, Лионель Месси, Криштиану Роналду (үш рет), Роберт Левандовски және Карим Бензема.

Жалпы мансабында Мбаппе Чемпиондар лигасында 69 гол соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол тарихта алтыншы орында тұр.

Ал алдағы мақсат – үздік бестікке кіру. Қазір бесінші орында тұрған Раульдің еншісінде 71 гол бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или