Асаубаева үндіс қарсыласымен тең түсті

Асаубаева үндіс қарсыласымен тең түсті

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінде кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сегізінші турда Қазақстан өкілі үндістандық шахматшы Вайшали Рамешбабумен 0,5-0,5 есебімен тең түсті.

Осылайша, Бибисара Асаубаева екі ойындық жеңіліс сериясын аяқтап, 3,5 ұпай жинады. Осы ойыннан кейін қазақстандық шахматшы турнир кестесінде соңғы орыннан бір саты жоғары көтерілді. Тоғызыншы турда Бибисара Асаубаева ресейлік шахматшы Александра Горячкинамен ойнайды.

2026 жылғы әйелдер арасындағы үміткерлер турнирі 28 наурыздан 16 сәуірге дейін өтеді. Жеңімпаз әлем чемпионы, қытайлық Цзю Вэньцзюньмен ойнау құқығын жеңіп алады.


ҚР Туризм және спорт министрі Анталияда өткен VIII этноспорт форумына қатысты

Қазақстаннан 18 спортшы 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына шақырту алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или