«Болашақта үздік атанады». Флик Ямаль жайлы мәлімдеме жасады

«Болашақта үздік атанады». Флик Ямаль жайлы мәлімдеме жасады

«Барселона» клубының бас бапкері Ханси Флик 18-жасар шабуылшы Ламин Ямальдің болашақта үздік атанатынына кәміл сеніп отыр, деп жазады Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«Ламинге небәрі 18 жаста, және менің ойымша, ол — керемет ойыншы. Матчты қайта қарап шыққанда, оның алаңдағы әрекеттері қаншалықты әсерлі екені айқын көрінеді. Иә, кейде мен оны ауыстырған кезде немесе оған төрт-бес қарсылас тығыз қысым көрсеткен сәттерде ол ренжуі мүмкін — сондай жағдайларда қақпаға соққы жасап, мүлт кетуі де ықтимал.

Оның әрбір әрекеті үлкен шу тудыра бермеуі керек. Түсінемін, барлығы оны жіті бақылап отыр - себебі ол шынымен де ерекше ойыншы. Бірақ оның небәрі 18 жаста екенін ұмытпау керек. Болашақта ол ең үздіктердің біріне, тіпті ең үздігіне айналуы мүмкін», - деді Флик.

Ламин Фликтың қол астында ағымдағы маусымда, Ла Лигада 26 матч өткізіп, 14 гол және тоғыз ассистпен ерекшеленді.


Стас Покатилов әзірбайжандық клубты капитан ретінде алаңға шығарады

«Реал Мадрид» — «Бавария» матчының тікелей трансляциясы

«Спортинг» — «Арсенал» матчының тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или