ҚФФ Қазақстан кубогындағы өзгерістерді жариялады

ҚФФ Қазақстан кубогындағы өзгерістерді жариялады

Биылғы маусымда Қазақстан кубогы жаңа форматта өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

• Биыл барлық командалар жаңа форматта 1/16 финал кезеңінен бастайды.

• ҚПЛ, Бірінші және Екінші лига клубтарымен қатар, әуесқой лигасының командалары да қатысуға мүмкіндік алды.

• Жеребе қорытындысына сәйкес, Әуесқойлар лигасының жеңімпазы BKS «Астанаға» қарсы шығады. Сонымен қатар, лиганың тағы бір өкілі – Jelaev Nan «Алтаймен» күш сынасады.

• Бұған қоса Екінші лигаға биыл жаңадан қосылған «Хромтау», «Қаршыға», «Ансат» ойыншылары да Қазақстан кубогында бақ сынайды.

• Аталған өзгерістер бұқаралық футболды дамытуға және өңірлердегі футбол белсенділігін арттыруға бағытталып отыр.

• Бастапқыда турнирге 32 команда қатысады деп жоспарланған. Алайда SD Family клубының турнирге қатыспауына байланысты «Ертіс» келесі кезеңге автоматты түрде өтті, — деп жазылған Telegram арнада.


Қазақстан кубогы матчтарының төрешілері белгілі болды

ҚФФ даулы матчтың төрешілеріне қатысты шешім шығарды

ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или