Монте-Карло турнирі: Бублик жарысты сәтті бастады

Монте-Карло турнирі: Бублик жарысты сәтті бастады

ATP рейтингінде 11-ші орында тұрған Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик Монте-Карлода өтіп жатқан ATP-1000 турнирінің екінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда қазақстандық әлемде 199-шы орында тұрған француз Гаэль Монфиспен кездесті. Матч 1 сағат 17 минутқа созылып, Бубликтің пайдасына 6-4, 6-4 есебімен аяқталды.

Осылайша, қазақстандық теннисші беделді Masters турнирінің үшінші айналымына өтті. Бубликтің келесі қарсыласы чех Иржи Легечка (ATP рейтингінде 13-ші орында) мен чилилік Алехандро Табило (39-шы орында) арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

2026 жылғы Монте-Карло турнирінің жүлде қоры 6 309 095 еуроны құрайды. Жарыс жеңімпазы 974 370 еуро және 1000 ATP рейтингілік ұпайын алады.


Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады

Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или