Стас Покатилов әзірбайжандық клубты капитан ретінде алаңға шығарады

Стас Покатилов әзірбайжандық клубты капитан ретінде алаңға шығарады

«Сабах» Әзірбайжан футбол чемпионатының 26-шы турында өтетін «Араз-Нахчыван» командасына қарсы сырт алаңдағы ойынға қатысатын негізгі құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сабахтың» қазақстандық қақпашысы Стас Покатилов командасын капитандық белбеумен алаңға алып шығады.

Матч Бакудегі «Лив Бона Деа» аренасында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады.

Осы ойынға дейін «Сабахтың» 62 ұпайы бар және ол лига турнир кестесінде «Карабахтан» жеті ұпайға озып, сенімді түрде көш бастап тұр. «Араз-Нахчыван» 39 ұпаймен алтыншы орында тұр.


 «Реал Мадрид» — «Бавария» матчының тікелей трансляциясы

«Спортинг» — «Арсенал» матчының тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или