Азия чемпионаты: Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдегер атанды

Азия чемпионаты: Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдегер атанды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің кіші финалында қазақстандық балуан түркіменстандық спортшыны мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.

Қола медаль үшін күрескен тағы бір балуанымыз Қаһарман Қисыметов (77 келі) өзбекстандық спортшыға жол берді.

Айта кетейік, ертеңгі жарыс күнінде төрт балуанымыз медаль үшін күресетін болады. Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) алтын үшін күрессе, Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) қола үшін бозкілемге шығады.

Алматбек Аманбек Азия чемпионатының финалына шықты

Азия чемпионаты: Үш қазақстандық балуан қола медаль үшін белдеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или