Азия чемпионаты: Үш қазақстандық балуан грек-рим күресінен қола медаль үшін белдеседі
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының үш балуаны Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) жартылай финалда жеңіліп қалды.
Камалиев солтүстіккореялық Се Ун Риге есе жіберді. Магомадов қатарлық Шахин Бадогимофрадтан жеңілді. Ал Евлоевтан олимпиада чемпионы, ирандық Мохаммадхади Сарави басым түсті.
Аталған салмақ дәрежелеріндегі қола жүлде үшін белдесулер 8 сәуірде өтеді. Сондай-ақ осы күні финалға жолдама алған Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) те бозкілемге шығады.
Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қаһарман Қисыметов (77 келіге дейін) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.
Алматбек Аманбек Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының жартылай финалына өтті