Billie Jean King Cup: Қарсылас құрамында үздіктер жоқ

Billie Jean King Cup: Қарсылас құрамында үздіктер жоқ

Елордада 10-11 сәуір күндері әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан мен Канада құрамаларының кездесуі қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында қос тараптың капитандары дайындық барысын пысықтады.

Канада құрамасы Астанаға бірнеше ойыншысыз келді. Атап айтқанда әлемнің 9-ракеткасы Виктория Мбоко, 25-орындағы Лейла Фернандес және жұптық сында үздік алтылыққа кіретін Габриэла Дабровски бұл матчқа қатыспайды. Олардың орнына Бьянка Андрееску бастаған жас ойыншылар ел намысын қорғамақ.

Канада құрамасының капитаны Мари-Ева Пеллетье негізгі ойыншылардың жоқтығын жарақат алуымен түсіндірді.

— Өкінішке қарай командамыздағы бірнеше ойыншы жарақат алып қалды, сондықтан олар бұл аптада бізбен бірге бола алмайды. Екінші мәселе — кестесі тығыз. Соған қарамастан, біз мықты команда жинай алдық және барымызды салуға дайынбыз. Қазақстан құрамасын құрметтейміз, олардың көп ойыншыларымен жақсы таныспыз. Оңай болмайтынын білеміз, бірақ әр ұпай үшін аяғына дейін күресуге бекініп отырмыз, — деді Мари-Ева Пеллетье.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин де қарсыластың құрамына қарамастан, босаңсуға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық теннисшілер үшін қазіргі басты міндет — хардтан грунтқа (топырақ корты) сәтті ауысу.

— Қарсылас құрамында үздіктердің болмауы бізге жеңілдік береді деп айта алмаймын. Командалық жарыстарда ойыншыдан не күтетініңді ешқашан білмейсің. Сондықтан біз жоғары деңгейде дайындалып жатырмыз. Сонымен қатар Елена Рыбакинаның қазір әлемдегі бірінші ракетка болуға зор мүмкіндігі бар. Мұндай сәтте оның жеке рейтингіне басымдық беруі — Федерациямен бірлесіп қабылданған ортақ шешім, — деді Юрий Щукин.

Сондай-ақ, Канада капитаны Қазақстан құрамындағы Юлия Путинцева мен Анна Данилинаның қауіпті екенін ерекше атап өтті. Рейтинг бойынша қазақстандықтар жоғары тұрғандықтан, Мари-Ева Пеллетье өз командасын бұл жолы «аутсайдер» ретінде көретінін жасырмады.

— Мен олардың ойынын бақыладым. Данилина да, Путинцева да — екеуі де біз үшін өте қауіпті. Біз қазір аутсайдер саналсақ та, бұл жас ойыншыларымыз үшін болашаққа үлкен тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік, — деп түйіндеді Мари-Ева Пеллетье.

Айта кетейік, әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингісін жариялаған болатын. Жекелей сында ТОП-10-да ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2-орында қалды.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады

Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или