Қазақстан жағажай волейболынан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстан жағажай волейболынан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Индонезияның Раджа Ампат қаласында жағажай волейболынан Raja Ampat Open 2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін ерлер мен әйелдер командасы арасындағы плей-офф кезеңінің ойындары өтті. Қазақстан-1 ерлер командасы 1/8 айналымда Филиппин-1 құрамасын 2-0 есебімен жеңді. Айта кетейік, мұнда Сергей Богату Сергей мен Кирилл Гурин жұбы өнер көрсетеді.

Алайда біздің қалған командалар келесі кезеңге шыға алмады.

  • Ерлер: 
    Қазақстан-2 - Индонезия-1 (0-2)
  • Әйелдер:
    Қазақстан-1 - Жапония-1 (0-2)
    Қазақстан-2 - Жаңа Зеландия-1 (0-2)


Енді Ұлттық құрама ертең ширек финалда Таиланд-1 волейболшыларымен шеберлік байқасады. Барлығы турнирге 10 мемлекеттен 80 спортшы жиналды.

Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді

Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?

Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или