Азия чемпионаты: Қазақстандық сегіз боксшы финалға шықты

Азия чемпионаты: Қазақстандық сегіз боксшы финалға шықты

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасынан 13 боксшы сынға түскен болатын. Оның сегізі ақтық сынға жолдама алды.

Әйелдер құрамасынан:

  • 70 келі. Бақыт Сейдіш
  • 80 келі. Надежда Рябец
  • +80 келі. Дина Исламбекова


Ерлер құрамасынан:

  • 60 келі. Оразбек Асылқұлов
  • 70 келі. Төрехан Сабырхан
  • 75 келі. Сабыржан Аққалықов
  • 85 келі. Нұрбек Оралбай
  • 90+ келі. Айбек Оралбай


Ал, жартылай финалда сүрінген Айгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 9 және 10 сәуір күндері өтеді. 9 сәуірде әйелдер арасындағы чемпиондар анықталса, 10 сәуірде ерлер финалы өтеді.

Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ақтық сынға жолдама алды

Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалында бақ сынайды

Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или