Азия Чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншіледі
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
90 келіде сынға түскен қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай жартылай финалда өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездесті. Қос боксшы 3 раунд бойы шиеленісті айқас өткізіп, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Өзбекстан спортшысына берді.
Бұған дейін, Қазақстан ерлер құрамасынан Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Ертуған Зейнуллинов (65 кг) қола жүлде еншілеген болатын.
Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ақтық сынға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или