Ұлттық құрама көшбасшылары «Семей» клубына ауысады
Futsalqazaqstan қауымдастығының мәліметінше, Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов ағымдағы маусым аяқталған соң «Семей» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жыл басында екі ойыншының да алматылық «Қайратпен» келісімшарттары 2025/26 маусымының соңында аяқталатыны және тараптар жаңа келісім бойынша әлі ортақ шешімге келе алмағаны белгілі болған еді. Әртүрлі деректерге сәйкес, бұл ойыншыларға Ресейдің екі клубы да қызығушылық танытқан. Дегенмен ұлттық құраманың көшбасшылары елде қалуды жөн көріп, жазда «Семей» сапына қосылу туралы шешім қабылдаған.
Бұл «Қайраттан» «Семейге» жасалған алғашқы ауысымдар емес, бірақ ең шулы әрі күтпеген трансферлердің бірі екені анық. Біржан мен Дәурен Аягөздің тумалары болғанымен, екеуі де ұзақ уақыттан бері алматылық клубтың ажырамас бөлігіне айналған еді.
Ұлттық құрама құрамында өзгеріс орын алды