ҚФФ даулы матчтың төрешілерін футболдан шеттетті

ҚФФ даулы матчтың төрешілерін футболдан шеттетті

Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованың ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданды. Аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер етті. Бұған дейін, ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру «Ордабасы» – «Атырау» матчындағы шешімдерге байланысты түсініктеме беріп, төрешінің екі сәтте де қателескенін мәлімдеген болатын.

Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады.

ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді. Төреші екі эпизодта қателесті ме?

ҚПЛ: Төртінші тур матчтарына жиналған көрермендер саны белгілі болды

«Ордабасы» тең ойыннан кейін көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или