Ресми: «Манчестер Юнайтед» пен Харри Магуайр келісімшарт мерзімін ұзартты
Англия ұлттық құрамасының қорғаушысы Харри Магуайр «Манчестер Юнайтедпен» жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос тарап 2027 жылғы маусым соңына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды. Оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де бар.
Айта кетейік, 33 жастағы қорғаушы «қызыл сойқандардың» сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді.
Манчестерлік клуб алдағы уақытта жас ойыншы Кобби Майнумен жаңа келісімшартқа отырады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или