Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында моңғолиялық Бариахан Доржбен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундта да үстемдік еткен Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) финалға өткен болатын.

Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты

Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или