Григорий Бабаян құрамның әлсіз екенін тілге тиек етті
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян команданың жазға дейін құрамын нығайта алмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әрине, көптеген мәселелер бар. Тез арада шешім болады деп үміттенемін, бірақ кез келген жағдайда, трансферлік терезе жабылғандықтан, жазға дейін ешкімді тіркемейміз. Біз жасай алатын жалғыз нәрсе - қолжетімді ойыншылардың бірін алу - кем дегенде құрамды толықтыру. Бірақ менің ойымша, қазіргі уақытта бұл мүмкін емес», - деді Бабаян.
«Астана» жаңа Қазақстан Премьер-лигасы маусымының басында екі ойында жеңіске жетіп, бірінде тең ойнап, бір ойында жеңіліс тапты. 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының төрт турынан кейін астаналықтар жеті ұпаймен бесінші орында тұр.
ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді. Төреші екі эпизодта қателесті ме?
ҚПЛ: Төртінші тур матчтарына жиналған көрермендер саны белгілі болды