«Тұлпар» капитаны жарақат алып қалды
«Тұлпар» ойыншысы Владислав Черномордов жарақат алып, маусымның қалған бөлігінде ойнай алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz Futsalkazakhstan сайтына сілтеме жасап.
«Баршаңызға, сәлем! Өкінішке орай, менің маусымым ең қызықты және шешуші сәтте аяқталды, бірақ бұл кәсіби спорттың бір бөлігі — жарақаттар күтпеген жерден болады. Мен барлығына: отбасыма, клубыма, жаттықтырушыларыма, командаластарыма, қарсыластарыма және, әрине, жанкүйерлерге қолдаулары мен жылы сөздері үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Мен жақын арада ораламын», - деп мәлімдеді Черномордов.
Черномордов 35-ші турда «Каспийге» қарсы ойында тізесінен жарақат алды және биылғы маусымда матчтарға қатыспайды. Команда капитаны 34 ойында 18 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.
Қазақстан құрамасы UEFA рейтингінде жоғары көтерілді
Ресми: Какау – футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері