Томирис Нұржан Алжирдегі жарыста чемпион атанды
Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Томирис Нұржан Алжирдегі ITF Juniors J60 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық спортшы финалда ресейлік Варвара Виноградованы 5:3, 4:2, 12:10 есебімен ұтты.
Жарыс күрделі жағдайда өтті. Жаңбырдың салдарынан кесте бұзылды. Содан кейін корольдік отбасы мүшесінің өлімінен соң аза тұтуға байланысты ұйымдастырушылар шешуші матчтарды қысқартылған сет форматында өткізу туралы шешім қабылдады.
Томирис Нұржан Барселонада тұрады. Оның сіңлісі Мәриям да теннисші.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или