Футзалдан Қазақстан құрамасында өзгеріс орын алды
Әзербайжан құрамасына қарсы матчтар қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылар тізімінде өзгеріс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан чемпионатының 38-турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәурен алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына «Каспий» клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары арасындағы екі жолдастық матч Ақтау қаласында 13 және 15 сәуір күндері «BS Arena» спорт кешенінде өтеді.
Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы UEFA рейтингінде жоғары көтерілді
Ресми: Какау – футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері