Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына баратын құрамы белгілі болды

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына баратын құрамы белгілі болды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты IB дивизионындағы ойындарға қатысу үшін Қазақстан әйелдер құрамасының нақты тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті. Отандастарымыз наурыз айының аяғында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын бастап кеткен еді.

Нәтижесінде құраманың нақты тізіім белгілі болды. Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:

  • Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі - «Томирис»)
  • Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);
  • Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы - «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»);


Бұл ойындар 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтеді.

  • 12 сәуір. 19:30. Қазақстан - Латвия
  • 13 сәуір. 19:30. Нидерланд - Қазақстан
  • 15 сәуір. 23:00. Испания - Қазақстан
  • 17 сәуір. 19:30. Қазақстан - Оңтүстік Корея
  • 18 сәуір. 19:30. Ұлыбритания - Қазақстан.


Отандастарымыз оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін аяқтады. Енді ұлттық құрама Испанияға аттанады.

КХЛ-де «Барыстың» жаңа қарсыластары пайда болуы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы АҚШ-та командасының жеңісіне үлес қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или